С.Бегалин атындағы Мемлекеттік балалар кітапханасы

Мемлекеттік балалар кітапханасы 1951 жылы 10 мамырда құрылды.

1996 жылы Мемлекеттік балалар кітапханасына қазақ балалар әдебиетінің классигі Сапарғали Бегалин есімі берілді. Қазіргі кезде С.Бегалин атындағы Мемлекеттік балалар кітапханасы еліміздегі ең басты балалар кітапханасы, ұлттық балалар әдебиетін сақтайтын орын. Кітапханада жазушының жеке заттары қойылған бұрыш бар (домбыра, сағат, шапан) қолжазба көшірмелері, фото суреттер, жазушының жазбасы бар қойын дәптері, жазушының ұрпақтары құрастырған шыққан тегі жайлы шежіресі қойылған. Кітапхана қорында жазушының даусы жазылған күйтабақ бар (өзі жазған өленін оқыған). Кітапханада жазушының шығармалары қойылған тұрақты кітап көрмесі . С.Бегалин атындағы Мемлекеттік балалар кітапханасында «Өн бойы – үлгі, өнеге» атты библиографиялық құрал, жазушының өмірі мен шығармашылығы туралы СД-РОМ және оның шығармаларын оқуға көмектесетін бетбелгі шығарылды.

Сайттар: www.spring.kz, www.tarih-begalinka.kz