«Балалар әлемінің елшісі» естелік таспасы

Жазушы, қазақ балалар әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі Сапарғали Ысқақұлы Бегалин 1895 жылы қараша айының 24 жұлдызында Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы, Дегелең ауылында туған. Есейе келе, өз үйінің аз ғана малын бағып, қолғанат болды. Ауылдағы молдадан оқып, ескіше хат таныды. Содан соң керуенмен Семейге келіп, бір уақыт пристаньда жүкші болды. Бұдан кейін Семейдегі оқытушылар дайындайтын семинарияның оқытушысы Нұрғали Құлжановтың үйінде атын күтіп, үй жұмысына болысты. Ол кісі кешкіліктерге оған орыс тілін үйренуге көмектесті, соның көмегі арқылы Семей қаласындағы орыс-қазақ училищесіне түсіп, оны 1915 жылы бітірді. С.Бегалин 1916 жылы Петроград түбіндегі тыл жұмысына алынады, үйіне 1917 жылдың наурыз айында қайтады.

1929-1935 жылдары Дегелең болыстық атқару комитетінің төрағасы, Қарқаралы уездік атқару комитетінің мүшесі, бөлім меңгерушісінің орынбасары, аудандық халық соты қызметтерін атқарған. Қазақ егіншілік халық комиссариатында, Түрксіб темір жол басқармасында жауапты қызметтерде болды. 1935-1956 жылдары «Темір жолшы» газетінде, Қазақстан Ғылым Академиясының Тіл және әдебиет институтында, Қазақстан Жазушылар одағында қызмет етті.

«Өсіп ем сенің өріңде,
Қайнарыңнан нәр алып,
Алуан қилы өмірге
Ер жеттім сенде жаралып.»
C. Бегалин

 

Сапарғали Бегалин (1895-1983)

 

 

Семей полигонының тау етегі. С. Бегалиннің туған жері

 

Кайнар ауылы

 

Кайнар бұлағы

 

С. Бегалин туған жерінде